Тарихтың тереңінен бүгінге жеткен ұлы сарын бар. Ол көк түріктің үні. Бұл үн Орхон мен Селенгі арасынан естіліп, ұлттың жадында мәңгілік жаңғырып тұр. Түрк ақыны Мағжан Жұмабай Түрк даласын жырлағанда ежелгі Тұран Отанының тарихына тереңдей отырып, «Түрікке адамзатта ел жеткен бе?», - дейді. VI–VIII ғасырдағы кезеңдер Түрік қағанатының асқақ дәуірі. Бұл кезеңде көк байрақ астында елді біріктіріп, темірдей тәртіп орнатқан тұлғалар тарих сахнасына шықты. Көк Түріктің символы – Көк бөрі болды. Ол – түріктің тектік белгісі, азаттықтың, тектіліктің, қайта туу мен өрлеудің архетипі. Түрік аңызы бойынша, жау қырғыннан кейін тірі қалған жалғыз ұлды Көк бөрі асырап, өсіреді. Сол ұлдан жаңа ұрпақ тарайды. Демек, түрік ұлт болмысының өзегі табиғатпен, рухпен, тәңірмен бірлікте өмір сүру болып табылады.
Мәдениет