Қазіргі уақытта 1920 жылдардың аяғында Кеңес мемлекетінде болып жатқан процестерге, соның ішінде ауыл шаруашылығын шұғыл түрде ұжымдастыру бағытына жан-жақты талдау жасалған бірқатар зерттеулер бар. 1928 жылдың басында Сталиндік серіктестер тобы Бухарин бастаған бірнеше басшының қарсылығына қарамастан, шаруаларға қарсы саясаттың зорлық-зомбылық әдістеріне көшу туралы шешім қабылданды. Елді жедел индустрияландыру жұмыстары қолға алынды.