Биыл ғалым қақпасын ашып Ұлу жылы кірді. Осы орайда көне жыл санаудың білгірі А.Н.Самойлович (1880-1938) «Ұлу – қандай жануар?» деген сұраққа жауап іздеген екен. Осы кісі келтірген деректе: қырым татарлары ұлуды «қара түсі көбелек сияқты жәндік» десе, Ставрополь түрікмендері «бір кішкене құс», құмандықтар «кербалық», телеуіттер «шалық суда жүретін үйрек сияқты құс», ұйғырлар «балық», жапондар «татзу», моңғолдар «луу», мәнжулер «мудури», тибеттер «бруг», кхмерлер «рең», абазиндер «ұлу», қабарды шеркестер «ұлу-бәж» деп атайтыны жөнінде жазып қалдырыпты.