1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыс туралы соңғы 35 жылға жуық уақытта жазылғаны да, түсіргені де, айтылғаны да аз емес. Осы тақырыптағы басты дерек көзі болып Ермахан Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдары» атты еңбегі қала береді. Осы еңбек үшін кезінде тарихшы «буржуазды ультраұлтшылдық» деп айыпталып 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ Бекмаханов Кенесарының Ресей билігімен қарым-қатынасының мәніне көбірек назар аудара отырып, Ұлытау оқиғалары туралы аз мәлімет береді, сондықтан, біз өңірімізде болған оқиғалардың орнын толтыруға барын салдық.