Бүгін Көкшетауда «Абылай ханнан абыз Тоныкөкке дейін» атты халықаралық тарихи-мәдени экспедициясы автосапарға аттанды. Ауқымды шара Мысыр елін билеген мәмлүктердің қолбасшысы, қыпшақ даласының ұлы перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, қазақтың ұлы хандарының бірі, мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы Абылай ханның 310 жылдығына, алаш қайраткері, қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналып отыр. Автокеруенді Ақмола облысы әкімдігі және «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруда. Шараның ақпараттық қолдаушылары – «Qazcontent» АҚ, «Хабар-24» телеарнасы және Qazaqstan tarihy интернет-жобасы.