Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Қазмедиа орталығында Кітапханашылар күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, зиялы қауым өкілдері, Қазақстанның әр өңірінен келген кітапханашылар, жоғары оқу орындары мен колледж және мектеп кітапханаларының мамандары қатысты. Іс-шарада әр облыстың кітапхана қызметіндегі озық жобалар мен кітапхана тарихына арналған көрме таныстырылды.