Қарқаралы – тарихы терең тамырлы өлке. Бұл өңірде қазақтың, сонымен қатар шетелдік небір әйгілі адамдарының ізі қалған. Солардың бірі – поляк пен белорус халқына ортақ тұлға, ақын, этнограф, күрескер-төңкерісші демократ Адольф Янушкевич. Ақсүйек тұқымынан шыққан зиялы Адольф Янушкевич өз өмірінің көп бөлігін туған жерінен жырақта, айдауда өткізген адам. Осы тағдыр жолы барысында ол қазақ даласын аралайды. Қарқаралы өңіріне де келіп, мұндағы елдің тіршілігі туралы жазбалар қалдырған.