ХХ ғасыр басында Орталық Қазақстан кен өндірісінде қызмет еткен концессионерлердің бірі Франк ванс Агньюдің. «Life with the Kirghiz in KAZAKHSTAN, (1903-1906)» кітабы тарихи-этнографиялық деректердің ғажап қайнар көзі. Тарихи дегенен көрі әлеуметтік деген дұрыс болар, ағылшын концессионерлері қазақ әлеуметтік топтарымен (жқмысшылар, саудагерлер, болыстар мен билер) жақын араластықта болған және әр топқа қатысты сипаттамалар қалдырған. Осы сипаттамаларды пайдалана отырып біз ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамына қатысты объективті баға бере аламыз.