Қазақ руханиятының темірқазығы, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» жинағы енді ағылшын тілінде оқырманға жол тартты. Ұлт ұстазының ХХ ғасыр басындағы қоғамдық ойды сілкінткен әйгілі туындысын америкалық жазушы әрі аудармашы Жейк Завлацки ағылшын тіліне аударып, жеке кітап ретінде жариялады.