Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Бораш бірнеше ғасырлық тарихы бар көне кітаптар мен қолжазбаларды сақтап жүрген шежіреші қария Сейдәлім Юлдашевпен кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.