Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның соңында қалған мұрасы том-томдарға жинақталып, түрлі сала мамандары тарапынан зерттеліп жатыр. Оның ұлттық баспасөзді дамыту жолындағы қажырлы еңбегі мен аудармашылық қырын да жекелеген әдебиетші, журналист мамандар атап өтеді. Тарихи тұлғаның мұрасы тарихшылар тұрғысынан да көбірек зерделенген.