Қазақ фольклорының қара сөзбен айтылатын, ауыз әдебиетіміздің көне жанрларының бірі - ертегілер. Ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап келе жатқан бұл туындыларда қазақ халқының өмір салты, салт-дәстүрі, дүниетанымы мен арман-тілегі көрініс табады. Ертегі – тек балаларға арналған қызықты хикая емес, ол – халықтың өнегелі ұстанымдары мен өмірлік қағидаларын жеткізетін терең мағыналы рухани туынды.
Мәдениет




































