Биыл екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, данагөй қария Бошай Кітапбаевтың туғаныа 100 жыл отыр. Бошекең ақсақал көзінің тірісінде аңызға айналған адам. Бұл кісіні көне қазақтың ХХІ ғасырға үзілмей жеткен жұрнағы десек жарасады. Өйткені, ақсақалдың бойындағы қайрат пен қажыр, шежірешілдігі, сондай-ақ, ұлтымыздың дәстүрлі атбегілік өнерін кеңес заманында дамытып, қазақтың төл жылқысын бүгінгідей будандастырмай-ақ баптап, бәйгеге қосып, ағылшын һәм арабы жылқылардан оздыра білген ерекше адам.