Орта ғасырдағы түркі-моңғол шапқыншылығына дейін Русь жері бір-біріне бағынбайтын бытыраңқы дербес князьдықтардан құралды. Олар ІХ ғасырда Новгород русьтары, Х-ХІІ ғасырда Киев русьтары деген атпен тарихта белгілі-тін. Осы кездегі русь князьдықтарының патшалары: Владимир Мономах (1053-1125). Киев князы, 1113-1125 жылдары билік құрған. Юрий Владимирович Долгорукий (1090-1157). Суздаль князы, 1155-1157 жылдары билік құрған, Москва қаласын салдырушы. Вселовод Юрьевич Большое Гнездо (1154-1212). Владимир князы. 1176-1212 жылдары билік құрған. Оның түркі-қыпшақ әйелінен 12 ұл туған. Большое Гнездо (үлкен ұя) атауы содан шыққан.Александр Ярославович Невский (1220-1263). Новгородта, Киевте, Владимирде князь болған. 1259-1263 жылдардағы ұлы князь («Русь и татары. Княжесткие роды. Династические таблицы». Москва, 1994 ж. 39-б).