Биыл 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыстың белді өкілі, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Жалпылай алғанда Аманкелді батырдың тұлғасы мен оның көтерілісі кеңестік дәуірде, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында да көп зерттелді һәм ұлтымыздың жауынгерлік рухы ретінде дәріптелді. Оның бір айғағы – жуықта Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Аманкелді ауданында батырдың мерей тойы кең көлемде аталып өтті.