Егер қоғамдағы жаңалыққа сергек қарай алмасаң, әртүрлі оқиғаға жаның ауырмаса, айналаңды сезіне алмасаң журналистикаға келудің қажеті жоқ. Қоғамның тайып кеткен тегершігін түзеймін дейтіндер, соған ниеті барлар ғана журналист бола алады. Олар қоғамды жақсы жағына өзгертуге болатынына сеніп, сонымен бірге сөзге серт етіп келеді. «Серт бұзғанның орны шоқ (Абай)» екенін біліп келеді. Ондай журналистер бар, арамызда жүр.