Мұсылман авторларының Орталық Азия туралы сипаттайтын географиялық жазбаларының сериясы Х ғасырдағы араб тарихшысы әрі географы Ахмед ибн Әбу Якуб ибн Жафар ибн Вахб ибн Вадих әл-Якубимен жалғасады.Әл-Якуби «Елдер кітабы» («Китаб әл-булдан») атты географиялық еңбегін 278 (891) жылы Мысырда жүргенде аяқтаған. Бұл еңбек араб географиялық әдебиетіндегі Ибн Хордадбек белгілеген және Кудама ибн Джафар жалғастырған статистикалық бағытқа кіреді. Шығарма толық сақталған жоқ, ішіндегі Ирак, Иран, Орталық Азия және Ауғанстанның сипаттамасы арқылы бізге жеткен.