Шамамен 2000 жылдың көктемі. Бас штабы Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті астаналық журналистер үшін ашық есік күнін жариялады. Бардық. Әуелі бас ғимараттың екінші қабатында орналасқан шағын мұражаймен таныстырды. Мұнда арнайы операция кезінде қолданылған қару-жарақтар, оқиғаның куәсі іспеттес бүлінген бұйымдармен қатар фотосурет қоры да бар екен.