Бірнеше күннен кейін еліміз ең басты мерекелердің бірі – Республика күнін атап өтеді. Барлық қазақстандықтармен қатар, оны «Астана Опера» әртістері де асыға күтеді. Ендеше театрдың жетекші солистерінен осы маңызды датаны қалай атап өтетіні туралы сұрап білдік.