«Кіндігімнің жас қаны тамған жерім ауылым» деп келетін «Ауылым» әнін білмейтін қазақ аз шығар. Кезінде атақты Алакөлдің шығыс жағында тұратын Жабайыл ағамыз сөзін, сол алакөлдің Алматы жағында тұрған Теміржан ағамыз әнін жазған, содан бері бүкіл жиын-тойының көркі болып, Алтай мен Атыраудың, Алатау мен Арқаның арасын жалғап, шарлап, тіпті дүниежүзі қазақтарына дейін сүйіп салған ән еді бұл. Ауылда отырып та ауылды сағынар бөлек сезіммен шырқалатын әннің шыққанына былтыр елу жыл толыпты.