Айн Жалут шайқасы – 1260 жылы 3 қыркүйекте сұлтан Құтуз бен әмір Байбарыс басқарған Мысыр мәмлүктері мен Кетбұға ноян басқарған Хұлағу әскерінен шыққан түркі-моңғол корпусы арасындағы шайқас. Моңғолдар жеңілді, Кетбұға өлтірілді.Шайқас қазіргі Израильдің Бейт-Шиан қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 15 шақырым жерде, Гидона ауылының батысында, Гидона тау жотасының солтүстік-батыс етегінде орналасқан Айн Джалут (арабша «Голияттың көзі»; ивр. Эйн Харод) алқабында болды (бұл жер қазір Маайан Харод саябағы деп аталады).