ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі – ұлт тарихының рухани қормалы. Ұлт жады. Ұлт мирасы. ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарының тілі де, әлеуеті де күшті. Тағы да қазақ баспасөзінің қарлығашы іспетті алғашқы қазақ журналы «Айқап» басылымына көз жүгіртіп, ел тарихынан мысал келтірмекпіз. Бұл мақалаларда да елдің тұрмысы мен тағдыры сөз болған. Ұлттық мүддені ұлықтаған ел баспасөзінің бізге ой салар тұсы да көп екен. Сонымен, хош ескі басылым не дейді?!