XX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болады. Міне, осындай жағдайда қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш – ұлт зиялылары араласа бастайды. Ресей және шетел қалаларындағы жоғарғы оқу орындарын бітіріп келген, көзі ашық, саяси жағдайдан хабары бар, демократияланған ұлт зиялылары, соның ішінде Орал облысы зиялылары елінде әртүрлі саяси позиция ұстанып, Алашорда үкіметі мен партиясы төңірегіне бірігіп, ал бірқатары Уақытша үкімет және Кеңес өкіметі жағында сан-салалы, өлшеусіз қызмет етеді.