Мысыр мәмлүктері туралы жазылған ғылыми және көпшілік әдебиетте олардың «бахри» және «бурджи» атанып екіге бөлінетіні туралы айтылады. Бұл жерде «бахри» қымбат деген мағынаны білдіруі мүмкін, ал «бурджи» арабтың мұнара деген ұғымына келеді. Мәмлүктердің соңғы тобын әдебиетте Кавказдан келген, немесе Шеркеш мәмлүктер деп атайды.