«Абылай дәуірі – қазақ халқының ерлігі мен серілігінің ғасыры», - дейді, әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов. Абылай дәуірі – ХҮІІІ ғасырдың отызыншы-жетпісінші жылдары. Осы кезеңде ел мен жерге қорған болған әйгілі батырлардың есімі ұлт тарихының ерлік үлгісі болып жазылды. Осындай батырлардың бірі – Қожаберген Жәнібекұлы. Біз мақаламызда Қожаберген сардардың үлкен ұлы Байтайлақ батырдың тарихи тұлғасы жайында қарастыратын боламыз.