Бүгінгі әлемдік әлеуметтік процестің дамуында «мәдени сәйкестіліктің проблемалары мен шиеленістері», «мәдени сәйкестілікке төнген қауіптер», «мәдени сәйкестіліктің трансформациясы», «мәдени сәйкестіліктің маргинализациясы», «мәдени сәйкестілік дағдарысы» деген мәселелер бар. Жаһандық сәйкестендірудің мәні – бұл өзгеріп жатқан әлеуметтік жағдайларда ұлттың өзін жоғалтып алмауы, өзін басқалардан ерекшеленетін ұлт ретінде тануының нәтижесіне сәйкес. Ұлт толыққанды өмір сүру үшін өзінің жеке басын анықтап алуы, яғни: «сіз кімсіз?» деген сұраққа жауап беріп, өзін жоғалтпауы керек. Ал біз бала мен немеренің алдындағы осы жауапкершілігімізді қалай көреміз?