Республика орталығы Астана қаласы тақыр жер, тайғақ өлкеде ғайыптан пайда болған жоқ. Оған дәлел – елорданың батысы Үркер шағын ауданының солтүстік қапталында орналасқан Бозоқ қалашығы. Бұл нысан хронологиялық тұрғыдан – ежелгі түрік, ортағасырлық қыпшақ, кейінгі Алтын Орда кезеңін бастан өткерген, яғни даладағы қала мәдениетінің үлгісі іспеттес.