Биыл қазақ халқының бағына біткен дәулескер күйші Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толып отыр. Оның туған жылына байланысты қоғамдық талқыда екіұшты пікір болғанымен, күйшінің ғұмыр дерегін зерттеушілер ел болып, халық болып «Құрманғазы 1823 жылы дүниеге келген» дейтін байламға илануымыз керегін айтады. Сонымен қатар күйшінің шығармашылығын зерттеу, оны қазақ оқырманына насихаттау бағытында да ілкімді істер аз да болсын жасалып келеді. Соның бір дәлелі – бірер жыл бұрын жарық көрген «Әз Ғұмыр» деп аталатын Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі, өнері хақындағы әдеби-танымдық повесть еді. Авторы – ақын, жазушы, журналист Дариға Ғазизқызы Мұштанова. Жарық көргеніне 3-4 жылдың көлемі болса да, ел аузында сақталып, кітапсүйер қауымның жылы лебізіне бөленген кітаптың саналы ұрпаққа, саналы қоғамға берер тағылымы көп-ақ. Ендеше сол аталмыш еңбектің авторымен сұхбаттаса отырып, повестегі кейбір мәтіндерден үзінді келтіріп отырмыз. Басты беттегі фото: Құрманғазы Сағырбайұлы