Биыл Астана қаласының 25 жылдық торқалы тойы өтеді. Яғни, 1998 жылы 6 мамыр күні Прездент Жарлығымен Ақмола атауы «Астана» болып өзгертілсе, осы жылы 10 маусымда кіндік қаланың халықаралық тұсаукесері өтті. Міне, содан бері ширек ғасыр атқан оқтай, шапқан аттай зулап өте шығыпты. Расын айтқанда, жаңа қала бедерсіз белгісіз, жерге ғайыптан қоныстана салған жоқ. Бұл қаланың ежелгі іздері өткен-кеткен тарих бар.Осы орайда Астана тарихына қатысты зерттеулер жүргізіп, материалдар жинаған қаланың байырғы тұрғыны, статистика саласының ардагері Жеңіс КӘРІБАЕВ мырзаны әңгімеге тарттық.