Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде, яғни 1924-1927 жылдары Бишкек қаласында қырғыз тілінде «Эркин тоо» («Еркін тау») атты газет шығып тұрған. Басылымның алғашқы бетінің сол жақ шекесіне «г. Пишпек, уг. Ташкентской и Советской» деп газет редакциясының мекен жайы көрсетілсе, құрылтайшы ретінде «Орган Обкома РКП Облревкома, Кара – Киргизской Автономнрй области» делінген. Бір таңданарлық дүние – газет Ахмет Байтұрсыновтың төте жазу үлгісін қырғыз тіліне орайластырып пайдаланыпты.