Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тіліндегі түрлі жарнамалық тақталар, билбордтар, жүгіртпе жолдар т.б. нысандарда қазақ тіліндегі жарнамалардың дұрыс жазылмауы жиі ұшырасады. Оны қадағалау, қате, кемшіліктер болса айтып ескертіп, уақытында жойып отыру – әрбір қазақтың, мемлекеттік тілге бей-жай қарамайтын әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болуы тиіс. Сондықтан да қазақ тілінде жазылған жарнамалардың қателігі және оларды болдырмау жолдары туралы қарастырып отырмыз.