Бала бүгін не көрсе, өскенде соны істейді. Оған дәлел – біздің қоғамда күнделікті болып жатқан түрлі оқиғалар. Мәселен, психолог мамандардың мәлімдеуінше, мультфильмдер тілі былдырлап, енді шығып келе жатқан бүлдіршіннің дамуын тежеп, тіпті психологиялық ауытқуды қалыптастырады екен. Сонымен қатар экранда көрсетілетін қазіргі мультфильмдердің көбі – қанық түсті мультфильмдер. Ал сезу, көру қабілеті енді дамып келе жатқан кішкентай бүлдіршін қанық түстер көрсетілетін экрандағы қозғалыстарға ілесе алмай жатады. Соның салдарынан баланың ой-өрісі тежелеуі әбден мүмкін. Күні бойы теледидарға үңілген ұрпақтың неден тәлім алып жатқанынан ата-ана хабардар ма? Балалар мен жасөспірімдер көретін отандық анимацияның жай-күйі қалай? Ендеше осы және өзге де тақырыптарға кеңірек тоқталып көреміз...