Өркениет – өткеннен басталады. Заманауи қазақ өркениетін Алаш зиялылары қалыптастырған десек, ешкім біздің сөзімізді терістей алмас. Қиын-қыстау заманда, ақ қар жастанып, көк мұз төсеніп жүріп, ұлттық құндылықты ұлықтаған, ұлт жауһарын аялаған ерлер шама-шарқысы жеткенше жер-жерде әдебиет кештерін ұйымдастырып, мәдениет дәнегін сепкен болатын. Бүгін оқырман назарына «Қазақ» газетіне жарияланған әдебиет кештері туралы мағлұмат бермекпіз.Әдебиет кештері дегеніміз – ұлттық әдебиетіміз бен өнер, мәдениетіміздің рухани құндылықтарын жариялау, таныстыру. Бұл кешке анау-мынау емес, ХХ ғасыр басындағы қазақ ақсүйектері (бай бағландары), өнер майталмандары мен оқыған-тоқығандары, студент жастары қатысып, өркениетті елдердегі кештерге пара-пар деңгейде өткізген рухани жиын, думан еді.«Қазақ» жылнамасына қарай отырып, ескі күндердің есті оқиғаларын еске түсірейік: