«Ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі қазақстан тарихы» академиялық басылымның жеті томдығы дайындалып жатыр. Ел президенті құрылтайда бұл бастамаға арнайы тоқталып өткен болатын. «Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы бастама көтердім. Бұл жұмысқа еліміздің және шетелдің бір топ ғалымдары жұмыла кірісті. Ежелгі заманнан бүгінге дейінгі аралықты қамтитын жеті томдық жинақты әзірлеу үшін біраз шаруа атқарылды. Жиналған материалға енді стилистикалық және ғылыми редакция жасалуы керек. Сондай-ақ жинақты бірыңғай үлгіде безендірген жөн» деп айтып өткен еді. Бұл жайында жобаның жетекшісі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдиновпен сұқбаттастық.