Ұлыстың ұлы күніндегі қасиетті асы – Наурыз көжені пісірудің де өзінше үлкен мәні бар. Жалпы түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті болғандықтан, оның үстіне қазақ халқы жеті қат жерді мекендеп, жеті қат аспанды төбесіне тұтып, жеті атаға дейін қыз алыспай, жұма сайын жеті шелпек таратып, жеті қазынаны ер жігіттің бағы деп есептейтін болғандықтан, осы наурыз-көжеге де жеті түрлі дәм қосады.