Өткен ғасырдың басында қазақ қыздарының арасында оқығандары көп емес еді. Бірақ, барының өзі елге хал-қадерінше қызмет етуді өздеріне парыз санаған. Қазақ мектептеріне арнап оқулық жазған ғалым, «Қазақ», «Айқап», «Бірлік туы», «Жаңа мектеп» секілді басылымдарда жұмыс істеген Назипа Құлжанова, қазақ қыздары арасында толық дәрігерлік курсты бітіріп, дәрігер, ғалым-зерттеуші болған Гүлсім Асфендиярова, «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» басылымдарына мақала жазған Аққағаз Досжанова... Олардың арасында жауапты қызмет атқарғандары да болған. Мысалы, оралдық Шахзада Қаратаева. Ол туралы Батыс Қазақстан облысының мұрағатында сақталған мәліметте Шонанованың 1922-1926 жылдары Орал губерниялық атқару комитетінде іс жүргізуші қызметін атқарғаны туралы айтылған. Жалпы сол заманда қыздар қандай бағытта білім алған, олар туралы мағлұматымыз неге аз, осы жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменовадан сұраған едік.