Осыдан біраз уақыт бұрын (12.05.2023) «Жас Алаш» газетінде Қанат Тілеуханның «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуовамен «Қазақтың ұлттық идеологиясы – рушылдық» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды. Сұхбаттың аты айғайлап тұрғандықтан, әне-міне пікір жазамыз деп жүргенде жаздың ортасы болды.