Қазан төңкері жеңіске жетіп, Кеңес Одағы құрылған соң құрамдас 15 республиканыың бірі – Қазақ АКСР-ның шекарасын анықтау қажет болды. Дәл осы кезде бұрынғы империялық Ресей құрамында өмір сүріп келген қазақтардың қоныстану, яғни, орналасу территориясы 2960 мың шаршы шақырымға жетіп, құрамында 6 губерния, Адай уезі, Қарақалпақ облысы сыйып жатты. Яғни, қазіргі территориядан (2 724 мың шаршы шақырым) 236 мың шаршы шақырым көп болған. Бұл РКФСР бойынша аумағы бойынша Якутиядан кейінгі екінші орын (1928 жылғы КСРО атласы құжаттамасынан).