Бүгінде жұрт арасында жаңбырдан кейін көк аспанда жеті түрлі түстен тұратын ғажайып доға жасап, құлпырып шыға келер құбылыс атауына қатысты талас көп. Ағылшындар бұл құбылысты бұл құбылысты Rainbow, орыстар Радуга, түріктер Gökkuşağı, әзірбайжан ағайындар Göy qurşağı, қырғыздар Күнжебеси немесе Асан-үсөн, монғол жұрты Солонго деп атайды екен. Өзбектер Kamalak деп атайды. Бір қызығы, қазақ халқы бұл құбылысты «кемпірқосақ» деп атаған. Расын айту керек, ел арасында бұл атау тым қарабайыр, құлаққа тосындау, біртүрлі естіледі деген пікір де аз емес.