«...Құлдықтан қорынбаған халық шіріп өлсе де – сауап» (П.Чаадаев) IӘлеументану ғылымында «Хомо советикус» деген дербес түсінік бар. Алғаш бұл ұғымды айналымға түсірген автор, көп жылдар эмиграцияда болған философ әрі жазушы Александар Зиновьев еді. Ол 1978 жылы кеңес азаматтығынан біржола айырылып, елден шеттетілді. 1981 жылы әйгілі «Гомо советикус» деген еңбегі жарыққа шықты.