«Құтты қоныс» – өміршең идея, бабаларымыздың арманы. Сол секілді «Мәңгі ел» сөзінің де терең тарихи мағынасы бар. Түркі шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Бұдан шығатын қорытынды «Құтты қоныс» әм «Мәңгі ел» ұғымдары «Жаратқанның елі, халқы» дегенді білдіреді.