Ұлағатты ұстазымыз, тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Лекерұлы Есмағамбетов дегенде бірден ойға Қазақстанның шетелдік тарихнамасы оралатыны бар. Оның себебі, Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің шетел әдебиетінде қалай көрініс тапқанын дүйім жұртшылыққа айқыштап берген бірегей ғалымдығында болса керек. Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуде еліміздің тарихы туралы шетелдік әріптестер мен зерттеушілер тарапынан жазылған еңбектердің құндылығын екшеп, олардың жазған ой-пікірлерін басшылыққа алудың маңыздылығын көрсете білген тарихшы-ғалым Көшім Есмағамбетов Ресейдің ғұлама ғалымдары шоғырланған, зерделі тарихшылар мен тарихнамашылардың ортасы қалыптасқан Мәскеу мектебінің түлегі болуымен де ерекшеленеді.