Республика күні мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының ғимаратында кітап орталығы ашылды. «Кітап-AMANAT» жобасы аясында осындай игілікті іс жасап, орталық ашқан партияның мақсаты - отандық әдебиетке деген қызығушылықты ояту, көпшіліктің оқуға деген ынтасын арттыру, үшжақты ынтымақтастық арқылы отандық авторлар мен кітап шығарушыларға қолдау көрсету болып отыр.