Бұған дейін «Қазақстан тарихы» порталында «Құнанбай қандай тұлға?» деген тақырыпта материал жарық көрген болатын. Бұл сұраққа ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жанынан құрылған «Алқа» әдеби-мәдени клубында Тұрсын Жұртбай жан-жақты жауап берді. Айтулы тұлғаға байланысты «Құнанбай» атты еңбек жазған жазушы Абайдың әкесіне тағылған үш айыптың негізсіз екенін айтады. Оның бірінші және ең ауыры Қодар мен Қамқаның оқиғасы бойынша тағылған айып. Қайын ата мен келіннің арасындағы шынайы оқиғаны «Құнанбай қандай тұлға?» деген мақалада жаздық. Ал қайраткерге тағылған екі айып қандай?