Соңғы кездері фейсбук әлеуметтік желісінде жиі қозғалып жүрген тарихқа қатысты тақырыптардың бірі – мәлім де беймәлім «Сегіз сері» жайлы болып отыр. «Оның өмір сүрген уақыты қандай, жазған дүниелері мен шығармалары шынымен өзінікі ме немесе жалпы өмірде болған адам ба?» деген мәселе бізді де толғандырмай қоймады. Сол үшін аталған тұлға туралы біраз еңбекті қарап, тарихшылардың һәм руханият саласындағы елге елеулі жандардың пікірін сұраған едік. Сондағы түйген нәрсемізді енді қазақ тарихына, қазақ мәдениетіне бей-жай қарамайтын саналы оқырманға ұсынғалы отырмыз!