Еліміз 30 жылдан артық ішінде демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекетке айналды. Қазақстан мемлекеттік құрылыс пен басқаруды дамытуда да белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді Қолданыстағы Конституцияға сәйкес мемлекетімізде халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетінше шешуін қамтамасыз ететін өзін-өзі басқару жүйесі танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да басқару органдары арқылы жүзеге асырады [1].