Сол күнгі ұжымның жиналысынан төтенше қаулы қабылдадық. Ол мынадай: бізге дәл бүгіннен бастап қол астындағы қызметкерлерді алаламайтын, өндіріс есебінен өзіне коттедж тұрғызып алмайтын, мекеме қаржысын анда-мұнда шашып, саудаға салып жібермейтін, алды-артын айналдырып ағайын-туыс, ауыс-қиыс, жағымпаз-жақыбайлармен қоршап қорған салмайтын, жалған ақпар беріп министрлікті алдамайтын бастық керек.