Кең жаһанда көшпелі тірлік кешіп, аспан әлемінің, Айдың, Күннің, жұлдыздардың қозғалысын қалт жібермей бақылаған дана бабаларымыздың мыңдаған жылдарғы тәжірибесі астрономияның негізін салды. Жерді көк өгіз мүйізімен көтеріп тұр деп сенген, сананың балаң дәуірінің өзінде, қалайда, Айдың жерге, жердің Күнге тәуелді қозғалысы 365 тәулік шеңберінде дөңгелейтінін, сол “дөңгелектің” тіршілікті қайта түлетер тұсы, осы заман тілімен айтсақ, жаңа жыл – наурыз айы екенін дөп басып білгеніне қалай таңданбассыз! Сонау бағзы дәуірден бастау алатын күллі шығыс халықтарының төл мерекесі, жыл басы – наурыз – осындай астрономиялық есептің жемісі, наным-сенім мерекесі ғана емес, ғылыми негіздегі жақсылық нышанды қарсы алу мерекесі.
Мәдениет




























