Атақты биші Шара Жиенқұлованың «Өнерім менің – өмірім» атты кітабын кезінде көпшілік жұрт қызыға оқыды. Шара Жиенқұлова ұлттық би өнерін ғылыми тұрғыда терең зерттеген, «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қырық қыз» сияқты билерді шығарып, би арқылы халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін насихаттаған, халық биіне жаңа түр, жаңа сипат берген адам.