Бұл жәдігер дәл қазір ШҰАР құрамындағы Құмыл аймағы Баркөл қазақ автономиялы аудан орталығында орналасқан «Шыңжан Баркөл қазақ автономиялы ауданы қазақ мәдениет көрме сарайы» деп аталатын музейдің төрінде тұр. Бұйымның суретін 2009 жылы қазан айында Шыңжаң өлкесіне жоғарыдағы бағдарлама аясында сапарлап барған, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейдің ғылыми қызметкері Досымбек Қатыран түсіріп әкелген екен.